Жалпы ереже Білім басқармасының бұйрығы Білім бөлімінің бұйрығы Мектеп бұйрығы Комиссияның дайын тамақты тексеру Іс-шаралар жоспары СЭС қорытындысы
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақ құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді, демекші мектебіміздің асханасында оқушыларымыздың тамағының құрамы мен нәрлілігі талапқа сай болуы үнемі назарымызда. Асхана жұмысын бақылап тексеру үшін бракераждық комиссия құрылды. Тексерудің мақсаты екі аптада бір тамақтың дәмін, құрамын, сапасын, мөлшерін тексеру. Мектебімізде 1-4 сыныптар аралығында 654 бала және аз қамтылған отбасынан шыққан 75 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Балалар экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Асханада ас мәзірі уақытында ілініп , мәзірге сай тамақтар беріледі. Оқушылардың сабақ кестесіне байланысты алдын ала тамақ ішу кестесі құрылған. Оқушылар асханаға кірер алдында гигиеналық талаптарды қатаң сақтайды. Асхана жағдайы, тамақтың берілуі гигиеналық – санитарлық талапқа сай. Мектеп әкімшілігі, мектеп медбикесі мен әлеуметтік педагог күнделікті тамақ пен ас мәзірін және оның дұрыс берілуін үнемі қадағалап отырады.